, Гость

                               Туыстық  атаулар.

Ата- әкенің  әкесі.

Әже- әкенің шешесі.

Әке-шеш е-  дүниеге  ұрпақ   әкелген  ерлізайыпты  адамдар

Бала - ата-анадан  туған  ұрпақ, олар  ұл, қыз  деп аталады

Ұл - шаңырақ  иесі,ұрпақ  жалғастырушы.

Қыз – басқа елдіңболашақ  келіні, болашақ ана.

Немере –ұлдың  баласы.

Шөбере –немеренің  баласы.

Аға-іні, әпке- сіңлі (қарындас)- бір  әке-шешеден  туған  балалар. Жасы үлке болса «аға», кіші болса «іні»  болады. Жасы үлкен қыз «әпке» , кіші қыз «сіңлі» (қыздар үшін) немесе  «қарындас» (ұлдар үшін)болады.

Жеңге –ағаның  әйелі.

Жезде- әпкенің  күйеуі.

Келін- ұлдың «інінің) әйелі.

Нағашы – шешенің туыстары.

Жиен –қыздан (әпке-қарындастан)туған бала.

Бөле - әпкелі-сіңлілердің  балалары.