, Гость


Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері.


Сүйінші-бір  үйге қуанышты 
хабар  жеткізген адамның айтатың
сөзі. Қуанышты
  хабарды айтушы сүйінші  сұрайды.Ал 
қуаныш иесі оған сыйлық  береді
немесе сүйінші
  сұраған  адамның 
қалаған  нәрсесін  береді.

Шілдехана-  сәби дүниеге  келгенде 
жасалатын  кішігірім  той.

Бесік  той-жаңа туған баланы алғаш  рет 
бесікке  салғанда(бөлегенде)
жасалатын той.

Тұсаукесер-сәби алғаш жүре  бастағанда  жасалатын 
дәстүр.Баланың  екі  аяғын 
жіппен байлайды және оны жылдам қимылдайтын әйелге қидырады.Бұл
–бала
  тез  жүріп кетсін 
деген  ырым.

Сүндет той- ер бала 5-6 жасқа толғанда,оны сүндетке отырғызады.Бұл
–денсаулықтың,тазалықтың белгісі.

Тілашар-бала  мектепке 
бпрптын  кезде  жасалатын дәстүр.

Жар-жар
– қыз баланы тұрмысқа беретін кезде немесе келін
  болып 
келгенде  қыздың  көңілін 
көтеру үшін  айтылатын ән.

Беташар-
жаңа
  түскен  келінге 
жаңа  туыстарын  таныстыратын дәстүр. Мұнда «Беташар » жыры
айтылып,келінге
  ата-енесі  және басқа 
туыстары  таныстырылады.

Бата-
үлкен кісі
  айтатын арнайы  жақсы 
тілектері. Оның  бірнеше түрі бар:
дастарқанға берілетін
  бата, сапарға  аттанатын 
кезде  берілетін  бата, біреудің  жақсылығы 
үшін  берілетін бата.

Базарлық  сапардан  келген 
адамның  әкелген  сыйлығы.

Байғазы-   баланың (кейде 
үлкен  адамның да) жаңа киіміне,затына  берілетін сыйлық.

 Тыйым  сөз- баланы жаман әдеттерден, орынсыз
әрекеттерден
  сақтандырып  отыратын 
сөздер.Мысылы,дастарқанды баспа,көкті жұлма т.б.